«Жыл мұғалімі – 2013»

17 мамыр күні қалалық «Жыл мұғалімі»  байқауы өз мәресіне жетті.Байқау шарттары бойынша 1-кезеңде мұғалімнің электронды портфолиосы қорғалса, 2-кезеңде ашық сабақтар берілді. Сайысқа қатысушылар  3-кезеңде мынадай сайыс түрлері бойынша бақ сынады: таныстыру, «Менің болашақтағы мектебім» тақырыбында  эссе жазу және өз хоббиларын көрсету. Аталған кезеңдерден сүрінбей өткен мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Уәлиева Әсемгүл Мұхамедіғалықызы шығармашылықтың шыңынан көріне біліп, 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Дата: 31.05.2013, 5:55 Автор: №7 МГ