Дарынды оқушы – ұлт болашағы

         

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының «Зерде» тобы «Талантты оқушыға – дарынды ұстаз» атты  республикалық педагогикалық олимпиададан жеңіспен оралды. Үміттерін үкілеген 15 команданың ішінен  жүлделі  І орынды жеңіп алды.  Жеңісті көштің жүгін артқан мектебіміздің 10-сынып оқушылары А.Ағымбаева, А.Тлепалды, А.Исақ, І.Жұмабай, Н.Жаппарғалы өздерінің білімдерін, өнерлерін жан-жақты көрсете біліп, мектеп абыраойын тағы бір асқақтатып тастады. Оқушыларымызды дүбірлі додаға дайындаудағы жемісті еңбектері үшін Сатанова Ш.М. мен Шарипова Г.Б. үлкен алғыс білдіреміз.

Дата: 11.05.2013, 8:01 Автор: №7 МГ