Шәкірттердің жеңісі - ұстаз еңбегінің жемісі

2012-2013 оқу жылындағы дәстүрлі 47-пән олимпиадасының қорытындысы бойынша С.Сейфуллин атындағы  №7 мектеп-гимназиясының  35 оқушысы жүлделі орындардан көрініп,   инновациялық мектептер арасындағы  командалық есепте III орынға ие болып, 50000 теңгелік сертификатпен марапатталды.  Негізгі пәндер бойынша жүлделі  І орын алған оқушылар мақтау қағаздарымен және сандық фотоаппараттармен марапатталды. Олар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11А сынып оқушысы Алтынбек А. (пән мұғалімі Елеубекова Ә.З.), 9Б сынып оқушысы Төлеуқұл А. (пән мұғалімі Уәлиева Ә.М.), математика пәнінен 10Ә сынып оқушысы Төлеген Ә. (пән мұғалімі Әділбекова А.А.), география пәнінен 10А сынып оқушысы Малтабар А. (пән мұғалімі Шайкенова К.Ш.), құқық пәнінен Амангелдинова А.(пән мұғалімі Кәріпжанов Е.Т.) .  Сонымен қатар ІІ, ІІІ орын алған оқушыларымыз бен  шәкірт тәрбиелеудегі еселі еңбектері үшін пән мұғалімдеріне  алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.  Ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен ізденісінің  арқасында шәкірттеріміз жеңістің тұғырынан көріне білді. Тәуелсіз елдің тірегі болар осындай  шәкірттерімізге  білімнің биік шыңдарын бағындыра білулеріне тілектеспіз.

Дата: 29.04.2013, 5:01 Автор: №7 МГ