«Кітап біздің досымыз»

 

25 сәуір күні C.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының кітапханасында «Халықаралық балалар кітабы» апталығына арналған «Кітап біздің досымыз» атты   мерекелік кеш өтті. Кештің мақсаты: оқушыларды кітапты  құрметтей білуге, оларды білімдікке үйрету, адамгершілікке, имандылыққа баулу.«Балаларға базарлық» және «Әдемі бет белгілері» кітап көрмесі  ұйымдастырылды. Осы кеште ең үздік оқырмандар марапатталды. «Ең үздік оқырман» номинациясы бойынша 6г сынып оқушысы Машенова Әсем,сонымен қатар «Белсенді оқырман», «Ең жас оқырман»номинацияларымен берілді. «Кітаппен бірге өсеміз» атты әдемі кітап бет белгілерілерін жасаған оқушылар марапатталды.Олар: 4в сынып оқушысы- Орынтаева Камила,4в сынып оқушысы- Қалқаман Бахытжан,2 б сынып оқушысы -Қалашбаев Нұртуған. Сонымен бірге балалар кітап туралы тақпақ,өлеңдер оқып,жұмбақтар шешіп,викторинаға қатысты.Белсенді қатысқандар сыйлыққа ие болды.5а сынып оқушыларының қатысуымен концерт берілді.

Дата: 27.04.2013, 7:17 Автор: №7 МГ