Жеңіс туын желбіреткен «Зерделіктер»

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының «Зерде» тобы  «Дарынды оқушыға- талантты ұстаз» атты облыстық педагогикалық олимпиадада  9  команданың ішінен суырыла алға шығып, бас жүлдені жеңіп алды. Бес кезеңнен тұратын байқау барысында 10 сынып оқушыларынан құралған аталмыш топтың мүшелері А.Ағымбаева,  А.Тлепалды,  А.Исақ, І.Жұмабай,  Н.Жаппарғалы  өздерінің білімділіктерін , актерлік шеберліктерін облыс төрінде ортаға салып, «Біз ХХІ ғасырдың дарынды ұрпақтары» және «Үшінші мыңжылдықтағы мектеп» кезеңдері бойынша қойылған көріністерде  әділқазы алқаларының  жоғары бағасына ие болды. Мектебіміздің және қаламыздың абыройын асқақтатқан топ республикалық сайысқа жолдама алды. Дарынды оқушыларымызды   білім сайысына  дайындауда  аянбай еңбек етіп жүрген   Шарипова Г.Б. мен  Сатанова  Ш.М.  сынды ұстаздарымызға шығармашылық шабыт тілей отырып, еселі  еңбектері үшін үлкен алғыс білдіреміз. Ал жеңіс туын желбіреткен «Зерделіктерге» толағай табыстар тілейміз.

Дата: 23.04.2013, 5:46 Автор: №7 МГ