«Айтуға да қиын, ұмытуға да болмайды...»
Сәкен атындағы №7 мектеп-гимназиясында жылда әдеби салон өткізу жақсы дәстүрге айналды. Міне, биыл да қонақтар мен шәкірттерімізге Ұлы Отан соғысының бір қиын кезеңі, жиі көрсетіле де айтыла да бермейтін фашистік Германияның жендеттері құрған концлагерьдегі біздің тұтқындарымыздың тағдыры бейнеленді. «И помнить страшно, и забыть нельзя...» деп аталатын сахналық қойылымның сценарийін жазғандар орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімдері Шарипова Г.Б., Сатанова Ш.М., Сарсенбаева Л.Т. Көркемдеуші –Умбетжанова Г.Б., Нұрланов Е., костюмдерін дайындаған технология мұғалімі Қанатбекова Г.
Шәкірттеріміздің жан тебірентерлік дауыспен оқыған К.Симонов, А.Сурков, М.Джалиль мен Р.Гамзатовтың өлеңдері мен әндері ешкімді де немқұрайлы қалдырған жоқ.
Қойылыммен қатар көрсетіліп отырған слайд-фильмде фашистердің көрсеткен қорлық пен зомбылығын сахнада жас өнерпаздар өздерінің ойыны арқылы шебер жеткізе білді. Жазықсыз атып тастау, мазақтау, қорлау сәттері мен өлген балалардың аяқ киімімен эссесовшылардың допша ойнауы, тұтқындардың қасарысуы, соғыстан кейінгі ардагерледің кездесуі
– бәрі-бәрі расында көз алдымызда болып жатқан дүние секілді көңілімізді алай-дүлей етті.
Бастауыштың 3 сынып бүлдіршіндері, 8,9,10,11 сынып шәкірттері соғысты көрмесе де, өз түсінігінде шебер көрсете білді. Бұл қойылым мұндай соғыс енді ешқашанда болмасын, Ұлы Жеңіс бізге қандай жолмен келгенін есімізге тағыда салып, бойымызда өз халқымызға деген үлкен мақтаныш пен құрмет сезімін ұялатары сөзсіз.
Дата: 27.02.2013, 12:21 Автор: №7 МГ