Шәкірттердің жеңісі - ұстаз еңбегінің жемісі

           2012-2013 оқу жылындағы дәстүрлі пән олимпиадасының қорытындысы бойынша С.Сейфуллин атындағы  №7 мектеп-гимназиясының  35 оқушысы жүлделі орындардан көрініп,   инновациялық мектептер арасында командалық есепте III орынға ие болды.Облысқа жолдама алған оқушыларымыз да жеңіспен оралды. Олар:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11 А сынып оқушысы Алтынбек А. –  III орын (пән мұғалімі Елеубекова Ә.З.)

География пәні бойынша – 10 А сынып оқушысы Малтабар А. -III орын (пән мұғалімі Шайкенова К.Ш.)

Құқық пәні бойынша – 10 Ә сынып оқушысы Амангелдинова А. - III орын ( пән мұғалімі Карибжанов Е.Т.)

       Ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен ізденісінің  арқасында шәкірттеріміз жеңістің тұғырынан көріне білді. Тәуелсіз елдің тірегі болар осындай  шәкірттерімізге  білімнің биік шыңдарын бағындыра білулеріне тілектеспіз.

Дата: 28.01.2013, 10:03 Автор: №7 МГ