Размер шрифта:

«Дарынды оқушыға – талантты ұстаз»


17-18 қаңтар күндері С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында қалалық «Дарынды оқушыға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиада өтті.Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - педагогикалық мамандықтың және кәсіби педагогикалық білімнің маңыздылығын арттыру, педагогика саласына бағытталған талантты жастарды анықтау, педагог кадрлардың  еңбегін ынталандыру және мемлекеттік қолдауды күшейту, дарынды балалармен жұмыс жасайтын білікті жас педагогтарды анықтау, жоғары сынып оқушыларының педагогикалық қызметке кәсіби икемділігін айқындау.Соңғы төрт жылда бәйгенің алдын бермей келе жатқан мектебіміздің «Зерде» тобы биыл да өздерін жоғары деңгейде көрсете біліп, 12 мектептің ішінен суырыла  алға шығып, бас жүлдені қанжығаларына байлады. 10 А сынып оқушыларынан құралған  топ мүшелері  Исақ Ажар, Ағымбаева Әйгерім, Тілепалды Альмира, Жаппарғалы Нұркен, Жұмабай Ілияс өздерінің шеберліктерін жан-жақты көрсете білді. Байқау шарттары бойынша мектеп өміріндегі ұстаздарымыз бен шәкірттеріміздің жетістіктерін слайд арқылы таныстырып, «Менің алғашқы мұғалімім» тақырыбында эссе оқып, «Қазақстан тарихындағы дарынды тұлға» атты қабырға газетін қорғап, мектеп өмірінен көріністер көрсетті. Сонымен қатар туыстас халықтардың салт-дәстүрлерін көрсету кезеңінде украин халқының құда түсу дәстүрін, өлеңі, биін, тағамдарын таныстырып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Тәрбие мен білімді таразының басындай тең ұстап жүрген осындай дарынды оқушыларымыздың  жарқын болашаққа қарымды қадам жасауына үлкен үлес қосып жүрген талантты ұстаздарымыз  Сатанова Ш.М  мен Шарипова Г.Б. шығармашылық табыстар тілейміз. Ал облыстық сайысқа жолдама алған жеңімпаздарымызға ақ жол дей  отырып, алдағы уақытта да тек жеңіс шыңынан көріне біліп, мектебіміздің мерейін асқақтата берулеріне шын жүректен тілектестігімізді білдіреміз.

Дата: 21.01.2013, 10:33 Автор: №7 МГ