«Дәуірдің дәулескер күйшісі – Мағауия»

           С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының кітапханасында  27 желтоқсан күні кітапханашы Искакова Н.Т. жетекшілігімен  «Дәуірдің дәулескер күйшісі – Мағауия» атты жерлесіміз Мағауия Хамзинді еске алу кеші өтті.

          Мақсаты: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, шертпе күйдің шебері М.Хамзиннің өшпес өнерін ұрпаққа үлгі ету және қазақ мәдениетінің алтын қорындағы музыкалық шығармалары арқылы оқушыларды өнерге баулу.

        Кеш барысында 8 В сынып оқушылары Мағауия аталары туралы мәліметтермен көпшілікті таныстырып өтті. Кешке арнайы шақырылған  күйшінің жақын туысы Аралбаев Т.С. күйші өмірінен сыр шертер тың деректермен ой бөліссе, ақын, сазгер Қ.Саденов  арнау өлеңдерін көпшілік назарына ұсынды. Ал өнер мектебінің ұстазы Қажыкаримова Ә. күйшінің «Қосбасар» күйін нақышына келтіре орындап, тыңдармандарды бір серпілтіп тастады.  Тағылымдық мәні зор аталмыш кештен оқушылыр рухани азық алып, ерекше әсермен қайтты.

Дата: 9.01.2013, 3:11 Автор: №7 МГ