Оқушыларды қиял әлеміне жетелеген сабақ

15 қараша күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясының «Ауызша-1» картасы бойынша  7 Ә сыныбында орыс әдебиеті пәнінен «Гадкий утенок» деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: Сәрсенбаева Ләззат Төлеубайқызы. Мақсаты: оқушыларды қиял әлеміне, арман биігіне жетелеп, жақсылыққа, ізгілікке сендіре отырып, ертегіні оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерінің білімдерін жан-жақты көрсете білді. Сабақ қала мектептерінің  мұғалімдері тарапынан жоғарғы бағаға ие болды.

Дата: 19.11.2012, 9:25 Автор: №7 МГ