«Жүректен жүрекке»
Ата-ананың бауыр еті баласы,
Бала деген көздің ақ пен қарасы.
Шын жүректен алғысымды білдірем,
Рахмет сізге, мектебімнің қамқоршы ата-анасы
Қазанның 30 күні Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында қамқоршылар күніне арналған «Жүректен жүрекке» атты мерекелік кеш өтті. Әлеуметтік педагог Тлеубекова Мейрамгүл Қанатқызы мен мектеп психологы Ерубаева Риза Берікқызы ата-аналарды құттықтап, құрметтеріне шағын концерт ұйымдастырды. Қамқоршылар мектеп әкімшілігінің мадақтамасымен марапатталды. Қамқоршы ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.Осы бүгінгі қамқоршылар мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Еліміз аман, отанымыз тыныш болсын дей отыра, балаларға бақытты балалық шақ сыйлағандарыңыз үшін барлық қамқоршыларға алғыс айтамыз. Мың да бір алғыс Сіздерге, құрметті ата-ана! – деп кешімізді аяқтадық.
Дата: 2.11.2012, 2:15 Автор: №7 МГ