Салауаттылық – денсаулық негізі
8 қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп- гимназиясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорт күні аталып өтті. Аталған іс-шара салтанатты жиынмен ашылды. Оқушылар музыка ырғағымен ертеңгілік жаттығуларын жасап, түрлі спорт түрлерінен жарыстарға белсене қатысты. Мектеп ауласындағы көпсалалы кортта мектебіміздің футбол командасы футбол ойнады. Сонымен қатар шахмат, шашки, тоғызқұмалақ ойындарынан сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.
Дата: 10.09.2012, 5:00 Автор: №7 МГ