«Мектепке жол» акциясы
29 тамыз күні сағат 11.00де «Мектепке жол» акциясына байланысты жиын өтті. Акцияның мақсаты - жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтамасыздандырылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсету: оқу-жазу құралдарымен, оқулықтармен, киіммен қамтамасыз ету. Жиынға №7 мектеп-гимназия мұғалімдері мен ата-аналар қатысты.Оқушыларға қажетті құралдар тапсырылды.ТОО «Казахмыс Смэлтингтің» техникалық директоры Ушаков Владимир Александрұлы әлеуметтік жағдайы төмен 1 оқушыны толық оқу құралдарымен жабдықтап, спорттық және мектеп формасымен қамтамасыз етті.Камалов Асқар Алібекұлы БМЗ өндірістік бөлімінің жетекші маманы оқушыға оқу-құралдарымен портфелді тапсырды.«Үркер» түлектер қауымдастығының белсенділері 1 оқушыны толық киіндірді.
Мектеп-гимназия директоры осы жиынға белсенді қатысқан көмек көрсетушілерге және мұғалімдерге алғыс білдірді:
Ушаков В.А., Камалов А.А., «Үркер» түлектер қауымдастығы, Альмуханова З.Ш., Измагамбетова Ж.И., Магрупбекова А.Ш., Малтабарова Н.К., Блялова С.Н., Уалиева А.М.,Шайкенова К.Ш., Қапенова А.А., Жагипарова Н., Ботпаева А.О., Нұржанова А.Г., Қауымбаева С.Ж., Омаргалина Б.Ж., Нургалиева Т.Т.Сіздерге «Мектепке жол» акциясына қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіріп, қосқан үлестеріңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеміз.
Құрметпен №7 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы Тлеубекова М.Қ.
Дата: 6.09.2012, 8:57 Автор: №7 МГ