Сыңғырла, күміс қоңырау!

 

1 қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Рәміздердің 20 жылдығына арналған салтанатты мерекеге қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Бейсекенов Д.М. мен қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі кәсіподақ ұйымының төрайымы Колесникова Г.В. қатысты. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлмұқанова З.Ш. 2012-2013 оқу жылының 1,10 сынып оқушыларын мектепке қабылдау туралы бұйрығымен таныстырды. Байрақты бәсекеде топ жарған  толағайлар жеңісінің құрметіне мектебіміздің агитбригадасы өнерлерін көрсетіп, мерекені ән мен жырға бөледі. Алғашқы қоңырауды  11 А сынып оқушысы Темірбек А. мен 1-сынып оқушылары Әлихан Р., Күлік І. соқты. Ата-аналар мектеп табалдырығын аттағалы отырған шәкірттердің тұсауын кесіп, шашуларын шашты. Мереке  «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты сынып сағаттарымен жалғасты.

                                                                 

 

Дата: 1.09.2012, 9:26 Автор: №7 МГ