Білім беруді ақпараттандыру

       Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын  және  оқушылардың  ақпараттық мәдениетін  арттыру мақсатында  28 тамыз күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында  интерактивті сенсорлы тақта мен қос мониторлы  мультимедиялық сандық подиумның тұсаукесері өтті.  Оны  пайдаланудың  мүмкіншіліктерімен тарих пәнінің мұғалімі Карибжанов Ержан Тұрарұлы таныстырды.

Дата: 29.08.2012, 16:58 Автор: №7 МГ