Жаз-2012

 

       Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының жанынан «Балауса» жазғы демалыс лагері құрылып,   100 оқушы демалды. Оқушының бос уақытын тиімді өткізуіне, жазғы демалыс кезеңінде де мектептен қол үзбеуі мақсатында қалалық білім бөлімі үнемі ұйымдастырып отыратын осы алаң оқушының демалуына мүмкіндік берді.Лагерь құрылған күннен оқушылар 3 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілді. Таңертеңгілік сергіту жаттығулары жасалып,  түрлі демалыс орындарына, кітапханаларға,  судан құтқару станциясына, өрттен қорғау кешеніне, қалалық өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылып отырды. Сонымен қатар «Ұлттар достығы», «Өнерлі өрге жүзер», «Балауса бишісі», «Нептун күні» , «Қарақшылар» және    мәнерлеп оқу сайыстарына белсенді қатыса отырып,  оқушылар демалыстарын қызықты өткізді. 

Дата: 28.08.2012, 13:31 Автор: №7 МГ