Дарындылар слеті

 

Дарындылар слеті

          22 мамыр күні  С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында дәстүрлі «Дарындылар слеті» өтті. Қалалық, облыстық, республикалық білім, өнер, спорт бәйгесінде топ жарып жүрген шәкірттерімізге «Өнер шұғыласы», «Мектеп Одиссеясы», «Нәтижелі ойыншы», «Олимп шыңында» атты номинациялар тағайындалып, мақтау қағаздарымен марапатталды.Олар: Тлежан Д., Кеңесова А., Алтынбек А.,Төлеген Ә., Сембина Е., Төлеуқұл А., т.б. Осындай шәкірттерді тәрбиелеудегі жемісті еңбектері үшін 17 мұғалімге алғыс хат табыс етілді. Сондай-ақ,  9-сынып оқушысы Төлеген Әділ мен  10-сынып оқушысы Қайрат Әйгерім «Сәкен стипендиатына» лайық деп танылып, дипломмен және арнайы тағайындалған шәкіртақымен марапатталды.Слет соңында мектеп басшысы Қойбағарова Р.Қ. ел болашағы дарынды жастардың қолында екенін айта келіп, дарынды оқушыларымызға білім жолында үлкен жеңістер тіледі.

Дата: 23.05.2012, 17:40 Автор: №7 МГ