Жеңістің 67-көктемі
Жеңістің 67-көктемі
9 мамыр –сұрапыл соғыстың сұм жолдарын бастан кешіп, қан майданда от кешкен қаһарман жауынгерлеріміздің Ұлы Жеңіске қол жеткізген күні. Дәл осы күні жас ұрпаққа Отан үшін от кешкен майдангерлердің ерлігін насихаттау мақсатында қаламызда жас жол инспекторларының шеруі өтті. Мақсаты: 1418 күнге созылған сол алапат соғыста ерен ерліктің үлгісін көрсеткен әкелеріміз бен аталарымыз, аналарымыз бен апаларымыздың есімдерін ешқашан да ұмытпай, болашақ ұрпаққа үлгі ету. Аталған шараға С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясынан 40 қыз бала медбике киімін киіп шықты. Шеру барысында ақтаңдақ жылдар енді ешқашан қайталанбасын деп тілеп, сондағы айбарлы аға-әпкелеріміздің жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне тағзым етілді.
Дата: 20.05.2012, 11:54 Автор: №7 МГ