Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі окушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде Колданбалы бағдарламалауға қызығушылығын арттыру мақсатында 2022 жылдың 5-желтоқсанында бір аптаға созылатын халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» ая

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі окушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде Колданбалы бағдарламалауға қызығушылығын арттыру мақсатында 2022 жылдың 5-желтоқсанында бір аптаға созылатын халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстандағы код сағаты» акциясы басталды. 
Мектебіміздің оқушылары информатика сабақтарында акцияға белсене қатысып, «Жасанды интеллект» тақырыбы бойынша білімдерін толықтырды. Сабаққа қызығушылықты ояту мақсатында оқушылар https://quickdraw.withgoogle.com, https://www.autodraw.com/ сияқты сервистерінде тапсырмалар орындады. Одан кейін https://hourofcode.kz/ сайтына тіркеліп, жасанды интеллектіні оқыту, үйрету бойынша қызықты тапсырмаларды орындады.
Дата: 5.12.2022, 16:11 Автор: №7 МГ