Размер шрифта:

Денсаулық – байлық негізі

 

Денсаулық – байлық негізі

           С. Сейфуллин атындағы  №7 мектеп-гимназиясында  дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай  7 сәуір күні денсаулық күні тойланды.  Қаламыздың 75 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл шараның мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыра  отырып,   оқушылардың бойына   патриоттық  тәрбие беру.  Мектебіміздің спорт алаңына оқушыларымыз бір кісідей жиналып, ұлттық нақыштағы «Қара жорға» биімен мерекенің көркін аша түсті. Сонымен қатар спорттың барлық түрлері бойынша сайыстар өткізілді.  Атап айтсақ, көңілді старт, ролик, велосипед тебу, футбол, волейбол ойындары ойналып, оқушыларымыз бақытты әрі салауатты өмір сүрудің кепілі – мықты денсаулық екенін және өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, шыдамды да жігерлі жүруіне септігін тигізетін құдіретті күш  - дене тәрбиесі мен спорт  екенін осылайша көрсете білді.

Дата: 9.04.2012, 17:44 Автор: №7 МГ