Размер шрифта:

Ұлыстың ұлы күнінде

Ұлыстың ұлы күнінде

 

       2012 жылдың 17 наурызында Сәкен Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясында Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» мерекесі тойланып өтті.

       Мерекелік іс-шараның мақсаты - игіліктің, жаңару мен жақсылықтың бастауы болып саналатын бұл халықтық мерекеге оқушыларды жаппай жұмылдыра отырып, тамыры терең, дәстүрі жаңарған мейрамның маңызын таныту. Мерекеге  мектеп оқушылары ұлттық киім киіп, мерекелік дастарқан жайып, ұлттық  ойын түрлері мен салт-дәстүрлерін көрсетіп, «Қаражорға» биін билеп, мерекенің көркін кіргізді. Мейрамның басты тағамы – наурыз-көже, қазақша ет, бауырсақ, шелпек әзірленіп, «Ақ мол болсын!» деген ырыммен сүттен жасалған тағамдар – қымыз, қаймақ, айран, құрт, ірімшік, шұбат, жент, сары май дастарқан төрінен орын алды. Сонымен қатар қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары: сандық, тұскиіз, қамшы, аяққап, құрақ көрпе т.б. мерекенің сәнін аша түсті. Тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі, жанды жадырататын ойын мерекесі, дастарқан басында бірге отырып дәм тататын бірлік пен ынтымақ мерекесі осылайша оқушылар мен ұстаздарды және ата-аналарды қуанышқа бөледі.  

Дата: 27.03.2012, 6:05 Автор: №7 МГ