Размер шрифта:

«Сатылай кешенді оқыту технологиясы – нәтижеге бағытталған білім» тақырыбында оқыту семинары

«Сатылай кешенді оқыту технологиясы – нәтижеге бағытталған білім» тақырыбында оқыту семинары
 
2022 жылдың 1 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен күзгі мектеп аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Сатылай кешенді оқыту технологиясы – нәтижеге бағытталған білім» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында мектебіміздің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Сатыбалдина Перизат Алимханкызы өз тәжірибесімен бөлісті. Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша «Қазақ тілі сабағында фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдаудың» ерекшеліктерін жан-жақты талдап, төл технологиямыздың тиімділігін көрсете білді. Семинарға қатысушылар жақсы пікірлерін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Дата: 2.11.2022, 11:38 Автор: №7 МГ