Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында «Жыл мұғалімі» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Байқау тәртібі бойынша І кезеңде қатысушылар 17-20 қазан аралығында пән бойынша сабақ өткізді. Сабақтар мынада
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында «Жыл мұғалімі» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Байқау тәртібі бойынша І кезеңде қатысушылар 17-20 қазан аралығында пән бойынша сабақ өткізді. Сабақтар мынадай көрсеткіштермен бағаланды: сабақ типінің мақсатқа сәйкестігі және сол мақсатқа жетуде әдістер мен тәсілдерді таңдау негізділігі; мұғалімнің педагогикалық-психологиялық құзіреттілік деңгейі және қол жеткізген нәтижелердің қойылған мақсат-міндеттерге, олардың көлемі мен сапасына сәйкестігі т.б. Аталған талаптар бойынша бастауыш сынып мұғалімі Абил Г.Т., ағылшын тілі пәні мұғалімі Әмірбек М.М., химия пәні мұғалімі Сәтбекова Б.Д., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сағатбекова М.М., музыка пәні мұғалімі Қабиден М.Ж, информатика пәні мұғалімі Алина Б.С., тарих пәні мұғалімі Спатаева Ш.С., дене шынықтыру пәні мұғалімі Омарғали Н., орыс тілі пәні мұғалімі Жумажанова Е.О. ашық сабақтар өткізіп, идеяларын тәжірибеде іске асыра білді. Байқаудың ІІ кезеңіне жолдама алған мұғалімдерімізге сәттілік тілейміз!