«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

10 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында  қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті.Кештің мақсаты поэзияда өзіндік өрнегі бар Мұқағали ақынның сарқылмас жыр бұлағын тыңдарман жүрегіне жеткізе білу. Кеш барысында  ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Сонымен қатар,  Мұқағали ақынның өмірінен слайд көрсетіліп, тыңдармандар ақынның өз даусымен оқыған «Өмір» атты өлеңінің де куәсі болды.   Көркемсөз оқудың шеберлері ағайынды Сейілбековтер ақынның өлеңдерін мәнеріне келтіре  оқыса,  күміс көмей әншілеріміз Жорабек Аян мен ағалы-інілі Қабдраш Мадияр мен Даниярдың әуелете салған әні тыңдармандар жүрегін бір толқытып тастады. 

 

 Сонымен қатар Жумадилова Б., Тлежан Д., Мергенбай Л., Ахметова А., Атыбек Ш., Төлеухан Ә., Елеусізбаева Н. оқыған өлеңдері жүректі тербеп,көпшіліктің көңілінен шыға білді. Кеш соңында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елеубекова Ә.З. сөз сөйлеп, кешке қатысушыларға ризашылығын білдіре отырып, Мұқағали поэзиясынан өлең оқып беріп, өнердің жас талғамайтынын көрсете білді. «Өлтіре  алмас , алайда, өлеңді ешкім» деген ақынның сөзін кешке қатысушылар дәлелдеп берді. 

 

Дата: 13.02.2012, 9:23 Автор: №7 МГ