«Кәсіби бағдар беру»

С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 24 қаңтар күні  2008 жылғы мектеп түлектерінің «Кәсіби бағдар беру» онкүндігі өтті. 

Аталған түлектеріміз 2011 жылдың қыркүйек айында «Үркер»қауымдастығын құрған еді. Қауымдастық биылғы оқу жылының қыркүйек айында  «Мектепке жол» акциясына атсалысып, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға оқу құралдарын, спорт киімдерін сыйға тартқан болатын. Ал екінші рет өткізіліп отырған  «Кәсіби бағдар беру» онкүндігі төмендегідей шараларға негізделді:

-«Этикет мектебі». ( 10-сыныптарымен өткен семинар-тренинг).

- «Ең тәтті...», «Сөзсіз де түсінікті...» және т. б.тақырыптарда фотосуреттер сайысы

-«Мен Қазақстанға тілеймін...» атты  тілек тақтасы ( 2ә сынып оқушыларының  тақтаға тілектерін жазуы).

       24 қаңтар күні осы онкүндіктің қорытындысы жасалды.Онкүндікке белсене қатысқан оқушыларға Қауымдастықтың сертификаттары тапсырылып, құнды кітаптар сыйға тартылды. Онкүндік  соңында  мектеп-гимназия директоры Қойбағарова Р.Қ., директордың ғылыми  жұмыстар жөніндегі орынбасары  Сатанова Ш.М., осы түлектердің сынып жетекшісі  Әділбекова А.А., мектептегі оқушы зашылықтарын білдірді.лар көшбасшысы Шапибай Е. Қауымдастық мүшелеріне ризашылықтарын білдірді. 

Дата: 6.02.2012, 9:53 Автор: №7 МГ