Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен үшінші сессия отырысында Қазақстан халқына өз Жолдауын арнады. Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына бағытталған бұл жолдау, әрбір қазақстандық азамат үшін ерекше

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен үшінші сессия отырысында Қазақстан халқына өз Жолдауын арнады.

Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына бағытталған бұл жолдау, әрбір қазақстандық азамат үшін ерекше маңызды болып саналады. Қоғамымызда болып жатқан түрлі өзгерістерге тоқтала кетіп мемлекет басшысы «Саяси жаңғыру»-Конституциялық реформасының маңыздылығын атап өтті. Мемлекетіміздің салық, бюджет саясаты және ұлттық қор , кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін шешу жолдары айқындалды.

«Орта білімнің сапасы-табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты, Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынатын болады»-деп атап көрсетті өз жолдауында мемлекет басшысы. Сонымен қатар заманауи мектептер салу, бюджет есебінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы оқушылар үшін мектеп формасын мемлекет есебінен сатып алу мәселелері де өз шешімін табатын болады. Ұлт сапасын жақсарту балабақшалардағы тәлім-тәрбиеден бастау алатынын ескере отырып, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру, жалақысын өсіру туралы мәселе де осы жолдауда аталып өтілді.

Осы жолдауды тыңдап қана қоймай ел Президентінің халыққа жолдауын қолдай отырып,Жаңа Қазақстан құруға барлық мектеп ұстаздары ат салысады деген ойдамыз. "С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы"КММ директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ш.Р.Рахимбеков

Дата: 1.09.2022, 15:29 Автор: №7 МГ