28 сәуір күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жаһандық құзыреттілік» курсы аясында Балқаш қаласы педагогтарының облыстық семинары өтті. Аталған семинарға "С.Сейфуллин атындағы 7 мектеп-гимназиясы" КММ

28 сәуір күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жаһандық құзыреттілік» курсы аясында Балқаш қаласы педагогтарының облыстық  семинары өтті. Аталған семинарға "С.Сейфуллин атындағы 7 мектеп-гимназиясы" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батталова Әлия Омиржановна 5-сыныптарға арналған «Әдеп және парасатталық» курсы бойынша «Көркем шығармалар арқылы оқушыларды әдеп және парасаттылыққа тәрбиелеу» тақырыбында және химия пәні мұғалімі Сатбекова Батима Данияровна 6-сыныптарға арналған «Экология» курсы бойынша «Экология курсы арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Өз отбасына деген адалдықты айналасына деген тазалықпен ұштасыра жеткізетін және оқушыларды әлеуметтік ортаға бейімдейтін курстардың ерекшеліктерін практикалық тұрғыда жан-жақты көрсете білді. Мұғалімдердің осындай тәжірибе алаңында өз біліктіліктерін танытып, жаңадан жаңаны табуға  ұйытқы болған оқу-әдістемелік орталығына алғысымызды білдіреміз..

Дата: 29.04.2022, 17:57 Автор: №7 МГ