Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай “Тарихи тұлғалар және олардың тәуелсіздіктің қалыптасуындағы рөлі”атты пікір-сайыс турнирі болып өтті. Мақсаты:тарихтың беттеріне шолу жасай отыра,тарихи тұлғаның еңбегін ескеріп, балалардың бойындағы патриоттық р
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай “Тарихи тұлғалар және олардың тәуелсіздіктің қалыптасуындағы рөлі”атты пікір-сайыс турнирі болып өтті.Мақсаты:тарихтың беттеріне шолу жасай отыра,тарихи тұлғаның еңбегін ескеріп, балалардың бойындағы патриоттық рух,еліне,жеріне деген кіршіксіз сезімге сызат түсірмеу, қайта Алаштың азаматтарын асқақтату болып табылады.Ойын барысында екі жақ та тартысты ойын көрсетті,екі жақ та қарарға қатысты дефиниция (кілт сөздер);status quo(статистикалық мәліметтер);дәлелді аргумент ұсына алды.Дегенмен де,оппозиция тарапының ойыншылары: Касимов Батырхан мен Құсылбеков Ердос аздаған басымдылықпен жеңіске жетті. Қарсы тарап сараптама бөлімінде және сұрақ қою арқылы,қарсыластарын састырды.Ойын өз кезегінде өтті,оқушылар ойында қарсылас болғанымен,өмірде бір-бірімен достық қарым-қатынаста.
Жетекшісі:Ханатбекова К.Д.