02.06.2021 күні Халықаралық балаларды қорғау күні

 
 
 
02.06.2021 күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, қоғамның назарын балаларға қатысты зорлық — зомбылық мəселелеріне аудару, қатігездікке төзбеушілік қарым — қатынасын қалыптастыру, балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және сақтау, мақсатында кітапханамызда «Бала еңбегі. «Иә және жоқ»  атты кітап көрмесі және ақпараттық алаң ұйымдастырылды.
Көрме газет беттерінен алынған мәліметтер мен «Отбасы құқығы», «Жанұя құқығы», «Балаларды қатігездік пен зорлық-зомбылықтан қорғау», «Бала құқықтары жайлы конвенция» сынды жинақтармен толысқан.
Балаларды қорғау күні  жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында қабылданды.
Жалпы жер жүзінде балалардың құқықтарын қорғау тарихы аз-ақ уақытты құрайды деп айта алмайсыз. Бұл жөніндегі алғашқы ұйым әлемде 1919 жылы пайда болыпты.
Боламын деген баланың бетін қақпай белін буған дана халқымыз, тұлымшақты құлыншақтарға тағылымды тәрбие беріп өсірген, кішіпейілділікке баулып, ұлылыққа жетелеген. 
Мақсаты: Заңсыз кәмелет жасына толмаған балалардың еңбегін қанау туралы түсінік беріп, құқықтық тәрбие беру.
Дата: 2.06.2021, 15:01 Автор: №7 МГ