19 ақпан күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Ел болашағы- шыныққан ұрпақ" тақырыбында халықаралық өкілдердің қатысуымен (Грузия, Украина, Әзірбайжан) дене шынықтыру мұғалімдерінің облыстық форумы өтт

19 ақпан күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  "Ел болашағы- шыныққан ұрпақ" тақырыбында халықаралық өкілдердің қатысуымен (Грузия, Украина, Әзірбайжан) дене шынықтыру мұғалімдерінің облыстық форумы өтті. Форум жұмысының пікірталас алаңына Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ дене шынықтыру пәні мұғалімдері  Тұрар Ержанұлы мен Нариман Талғатұлы «Акробатикалық жаттығуларды қолдана отырып, ойындар өткізу»  тақырыбында өткізілген шеберлік сыныбында тәлімгерлік жұмысын көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жас педагогтің кәсіби өсуіне қолдау білдіріп, әдістемелік көмек көрсетіп жүрген тәлімгердің күнделікті іс-тәжірибесінен бейнесабақтардың үзінділері  көрсетіліп, жас маманның кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметінің түрлері мен оны іске асырудағы әдіс-тәсілдері ұсынылды. Форумға қатысушылар тарапынан шеберлік сынып жоғары бағаға ие болды.

Дата: 25.02.2021, 12:44 Автор: №7 МГ