12 қараша күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында ZOOM платформасында «Қашықтықтан оқыту – заман талабы» педагогикалық кеңес өтті.

12 қараша күні  С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында  ZOOM платформасында  «Қашықтықтан оқыту – заман талабы» педагогикалық кеңес өтті.

12 қараша күні  С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында  ZOOM платформасында  «Қашықтықтан оқыту – заман талабы» педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде «Қазақ тілі мен әдебиет пәнін қашықтықтан оқытудағы  платформалардың тиімділігі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тлеубекова М.М., «Физика пәнін қашықтықтан оқытудағы әдіс – тәсілдер» тақырбында физика пәні мұғалімі Аманкелдыева А.С. «Тарих пәнінде қашықтықтан оқытуда  сандық технологияларды қолдану» тақырыбында тарих пәні  мұғалімі Карина А.Б. қашықтықтан оқытудағы қолданып жүрген платформалардың тиімділігі мен артықшылықтары туралы өз тәжірибелерімен бөліссе, ағылшын тілі пәні мұғалімі Исабаева Б.Т. «Ағылшын тілі пәнін қашықтықтан оқытудағы  тыңдалым мен оқылым дағдыларының ерекшелігі» тақырыбында ой бөлісіп, аталған дағдыларды игерудегі әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Мектеп әкімшілігі және мұғалімдері оқыту үдерісін ұйымдастыруда қолданып жатқан  мұғалімдердің жұмыстарына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар І тоқсанның білім сапасының көрсеткіштері талқыланып, білім сапасын арттыруда мұғалімдердің жасап жатқан жұмыстарына сараптама жасалды.

Дата: 12.11.2020, 21:09 Автор: №7 МГ