«Сыңғырла, соңғы қоңырау»
"С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы" КММ-нің түлектеріне арналған атты жалпы орта білім туралы аттестат табыстау іс- шарасы биыл жылдағыдан ерекше өтті. Карантиндік талаптарға байланысты әрбір сыныпқа жеке ұйымдастырылды.
Биылғы жылы білім ордасынан 53 түлек түлеп ұшты. Оның ішінде "Алтын белгі" аттестатының иегері
Ахметханова Әсел, "Үздік аттестат" иегерлері Нуралина Мөлдір, Оразхан Гулім, Мухамеджанова Аида, Алимжанова Аружан. Түлектерге мектеп-гимназия директоры Манатаева Г.М. құттықтау сөз айтып, ақ жол тіледі. Қолдарына жарқын болашаққа жолдама болатын құжат алған түлектеріміз достарына, мектептеріне және ұстаздарына жүрекжарды лебіздерін білдірді. Түлектерімізге сәт сапар тілейміз!
Дата: 8.06.2020, 9:21 Автор: №7 МГ