"Қашықтықтан оқытудағы оқушылармен жекелей жұмыс жасауда Zoom бағдарламасының мүмкіншіліктері"
14- мамыр күні С. Сейфуллин атындағы № 7 мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі- Ахметова Айгерім Серикхановна «Балқаш қаласы білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес "Қашықтықтан оқытудағы оқушылармен жекелей жұмыс жасауда Zoom бағдарламасының мүмкіншіліктері" тақырыбында қаламыздың мұғалімдерімен тәжірибе бөлісті. Қашықтықтан оқытуда оқушыларды деңгейлеріне сәйкес топтап, онлайн режимінде Zoom бағдарламасын қолданып, қыр- сырын игерген әріптесіміз ол платформаның ерекшеліктері мен жасалатын функцияларымен таныстырды. Басты ерекшеліктері- оқушының белсенділігін арттыру, әр білім алушының жауабын қадағалау, мұғалім мен оқушылар арасындағы байланысты мектептегіндей Zoom бағдарламасының ақ тақтасы арқылы жүзеге асыру.
Айгерім Серикхановнаның ұйымдастырған семинарына қатысушы ұстаздарымыз тек тыңдаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар математика, сауат ашу пәндерінен күрделі оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар орындап, ұсыныстары мен кері байланыстарын берді. Zoom бағдарламасында жеке оқушымен, деңгейіне қарай 6-7 оқушымен, үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жасауда тиімділігіне көз жеткізіп, қолданудағы ерекшілігін игерген әріптесіміз өз тәжірибелеріне қосатындарын айтып, ұйымдастырушыға алғыс білдірді .
Дата: 15.05.2020, 9:39 Автор: №7 МГ