Педагогикалық кеңес
30 наурыз күні «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ онлайн режимінде кезекті педагогикалық кеңес өтті. Мектеп-гимназия директоры Г.М.Манатаева пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылғы 6 сәуір мен 22 мамыр аралығында мектеп-гимназия қашықтықтан оқытуға көшетінін, қашықтықтан оқыту – интернет-ресурстар мен ТВ-сабақтар арқылы, оның ішінде қазақ тілінде білім алушыларға арналған сабақтар - "Балапан" телеарнасында жүзеге асырылатынын, ТВ-сабақтың құрылымын, қашықтықтан оқыту үшін Bilimland.kz, sabak.kz, aitube.kz, youtube.com және ZOOM, Skype, Daryn.online.kz , Aitube.kz, бұлтты қызметтер технологияларын пайдалану ұсынылатынын, сонымен қатар сынып жетекшілердің білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен) күнделікті байланысты жүзеге асыратынын, ТД-сабақтар кестесіне сәйкес бірыңғай мектеп сабақ кестесі жасалатынын , қашықтықтан оқыту аясында әдістемелік көмек көрсету мақсатында педагогтар үшін видеокоучингтер ұйымдастырылатынын таныстырды. 2-мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерубаева Р.Б. рухани жаңғыру аясындағы тәрбие бағыттарымен таныстырса, жарыссөзге шыққан 7А сынып жетекшісі Тлеубекова М.М. «Сынып жетекшінің сенім дәптерін» жүзеге асырудағы қадамдарын, 5А сынып жетекшісі Қанағат А.Д. бүгінгі таңдағы сынып жетекшінің рөлі туралы, Бейсенбаева Қ.Б. еріктілер жылы аясындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ойларын ортаға салды. Педагогтар онлайн режиміндегі педкеңесте белсенділік танытып, қашықтықтан оқытуға дайын екендіктерін білдірді.