Бүгін "Балқаштың жігерлі жастары" атты қалалық жастар форумында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай Ғазиз Ештанаевтың "Емен ұзақ жасайтын ағаш" қойылымын жоғары дәрежеде көрсеткені үшін Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының "Кәусар бұлақ" драма үйірмесінің жетекшісі Уалиева А.М. және қатысушылары арнайы сертификатпен және дипломмен, сондай-ақ Гүлбахрам мен Сәкеннің рөлін жоғары деңгейде сомдағаны үшін 11-сынып оқушылары Кульжанов Олжас пен Орынтаева Камила қала әкімінің дипломымен және 25000тг ақшалай сыйлықпен марапатталады.