"ECOSTART" қоғамдық экологиялық акция аясында жарыс

2019 жылдың 28 қарашасы күні С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясының 9-11сынып оқушылары арасында "Қазахмыс" корпорациясының ұйымдастыруымен "ECOSTART" қоғамдық экологиялық акция аясында жарыс өтті. Жарыс екі бөлім бойынша өткізілді.Бірінші бөлімінде 4 команда арасында зияткерлік олимпиада өтті. Оқушылар өздерінің білімдерін ұшқыр ойларымен ұштастырып, жоғары интеллектісін көрсете білді.Сайыс нәтижесінде жеңімпаздарымыз арнайы сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайысты қаламызға танымал жүргізуші Ирина Рожкова жүргізді. Ал акцияның екінші бөлімінде салауатты өмір салтын сақтау мақсатында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарды қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Е.М.Быстрякова құттықтай отырып, құнды сыйлықтар мен қоса арнайы кубоктарды табыс етті. Жеңімпаздарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дата: 3.12.2019, 12:44 Автор: №7 МГ