Размер шрифта:

«Сұңғыла жырдың сұңқары»

«Сұңғыла жырдың сұңқары»

«Балқаш қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы» №7 мектеп –гимназиясында 14-қазан күні Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай «Сұңғыла жырдың сұңқары» атты 3-4-сыныптар арасында Сәкен Сейфуллин өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс өтті.
Оқушылар ақынның өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.
Сайысқа қатысуға барлығы 21 оқушыдан сұраныс түсті. Олардың әрқайсысы
Сәкен атаның өздеріне ұнаған өлеңдерін оқыды.
Сайыстың мақсаты –ақын өлеңдерімен кеңірек танысу,ақынның шығармашылығына сүйіспеншілігін арттыру..

Сайыс қорытындысы бойынша 1-дәрежелі дипломды Сәкеннің «Сағындым» деген өлеңін шеберлікпен орындаған 4 «Б» сынып оқушысыСағынтай Мағжан ( Жетекшісі Қашқынбаева Назгүл)жеңіп алды.
2 -дәрежелі дипломды 3 «В» сынып оқушысы Тайтөлеуова Саяжан « Орман» ( жетешісі-Мағұрыпбекова Мирагүл) мен 3 «Ә» сынып оқушысы Қайырлі Нұралы «Біздің жақта» (жетекшісі Малтабарова Нина) жеңіп алды.
3-дәрежелі дипломмен 3 «А» сынып оқушысы Қуаныш Нұрайлым «Ақсақ киік» (жетекшісі Кажикаримова Тогжан) мен 4 «Ә» сынып оқушысы Сағындық Талшын «Сағындым» (жетекшісі Исабаева Айман ) марапатталды.
Сайысқа қатысқан қалған оқушылар «алғыс хатпен» марапатталды.

Дата: 15.10.2019, 14:49 Автор: №7 МГ