С.Сейфуллинге 125 жыл

С.Сейфуллинге 125 жыл

Қазақ халқының дауылпаз,күрескер ақыны С.Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай«Сәкен тірі қазақтай елі барда»атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған мектебіміздің ардагер ұлағатты ұстазы Әлия Зиядақызының жетекшілігімен және мектебіміздің 10-11-сынып оқушылары белсене қатысып,өз білімдерін паш етті. Әлия Зиядақызы айтулы тұлғаның қиын да әділетсіз өмір жолына тоқталып өтіп,ұлтымыздың біртуар тұлғасының асқар тұлғасын, қайраткерлік қырын кеңінен мәлім етті.
Қаламгердің жанды тебірентер туындылары сансыз көп.Кеш барысында солардың бірі-«Көкшетау», «Ақсақ киік», «Сыр сандық» өлеңдерін оқушыларымыз көркем жеткізе білді. Сонымен қатар дара да дана тұлғаның «Жас қазақ марсельезасы»атты туындысын оқушыларымыз жалынды да жігерлі орындап шықты.Кеш соңы Қ.Жүнісовтің «Сәкен сұңқар» әнімен аяқталды.
Біз, Сәкен ұрпағы, Сәкен Сейфуллиндей қаламгер, қоғам қайраткерімен мақтануымыз керек. Оның елге қосқан үлесі, еңбегі, ұлтымыздың асқақтауы үшін жүргізген күресі — жастарға үлкен өнеге, үлгі. Ұлы тұлғаның алтындай бағалы шығармалары жас ұрпаққа орны толмас қазына, байлық. Сондықтан да Сәкен Сейфуллин мұрасын қастерлейік, қадірлейі кәрі құрметтейік!

Дата: 15.10.2019, 14:44 Автор: №7 МГ