XIХ Абай оқуларының қалалық кезеңі өтті.

XIХ Абай оқуларының қалалық кезеңі өтті.

    27.04 күні жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында өткізілетін  республикалық  XIХ Абай оқуларының қалалық кезеңі өтті.

ХIX Абай оқуларының негізгі мақсаты: мектеп оқушылары арасында Абай, Шәкәрім шығармаларын насихаттау; олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; ұлылар поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байқау 4 номинациядан тұрды. 

1.«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»- Абай  және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша мектебіміздің 6 –сынып оқушысы –Алдабергенова Жаннұр жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі: Шарбекова Г.Қ.

2.«Көңілім әнді ұғады»- Абай  мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы –Абентаева Дильназ ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Батталова А.О.

3.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – оқушылардың өз шығармаларын орындауноминациясы  бойынша  9- сынып оқушысы –Қуаныш Нұрбөпе І орынды иеленді. Жетекшісі: Сатыбалдина П.Ә.

«Ұлылар әлемі»– Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу номинациясы  бойынша 7-сынып оқушысы –Жакеева Нұрай  І орынды иеленді. Жетекшісі: Тлеубекова М.М.  Жарайсыңдар ! Құттықтаймыз.

Дата: 30.04.2019, 9:55 Автор: №7 МГ