«Халықаралық кітап жылы»
1972 жылы ЮНЕСКО - ның шешімімен «Халықаралық кітап жылы» деп аталса, 1995 жылы 23 сәуір - «Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері шетелдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде. Қазақстанда бұл күн 1969 жылдан бастап тойланып келеді.
Осы үлкен даталы күнге орай №7 мектеп-гимназиясында 10 ә сыныбының қатысуымен мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Кітап-тарих,кітап-шежіре» тақырыбында жас өспірімдерге арналған әлем балалар әдебиетінің інжу маржандары, жазушылардың жасөспірімдерге арналған шығармаларымен таныстырылып слайд-видео көрсетіліп шығармадан үзінділер оқылды.Кең көлемде обзор жасалды.
Шығармаларға тоқталсақ А.Маршаллдың «Мен шалшықтан секіріп аттай аламын» кітабында сал ауруына шалдыққан баланың тағдыры баяндалса, Ж.Верннің «Он бес жасар капитан» кітабында апатқа ұшыраған «Пилигрим» кемесінің бастан кешкен оқиғалары,15 жастағы бала қауіп қатерден қорықпай кемені басқарған баланың өмірі баяндалады. Д.Гринвудтың «Өгей бала», А.Беляевтың «Адам-балық»,М.Твеннің «Том Соердің басынан кешкендері», «Гекльбери Финнің басынан кешкендері» т.б әдеби шығармаларға тоқталдық. Балалар кітаптарды оқуға жаздырып алды.
Дата: 30.04.2019, 8:42 Автор: №7 МГ