Жігіт сұлтаны» байқауы
22 сәуір күні даярлық топтарының арасында музыка пәні мұғалімі Кишкиндаева Манара Жантілеуқызының ұйымдастыруымен мектепішілік «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Байқау 4-кезеңнен: «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» таныстыру; «Ел іші, өнер кенші» өз өнерін көрсету ; «Адам көркі шүберек» қолдан жасалынған сән үлгісі; «Дені саудың жаны сау» спорттық жарыс. Жігіт сұлтаны байқауына 6-оқушы қатысып, барлығы жүлделі орындармен марапатталды. Атап айтсақ, бас жүлдемен – Қапас Нұрасыл, 1- орын Қайырберлі Ералы, 2-орын Исбек Ернұр және Марат Адият, 3- орын Жақып Нұрислам және Рахат Рахман марапаттталды.
Жеңімпаздарымызды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Дата: 25.04.2019, 9:39 Автор: №7 МГ