Дебат ғаламтордың пайдасы мен зияны
11 – ші сәуір күні «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық іс – шара аясында 10 – шы сыныптар арасында «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» атты дебат сайысы өтті. Дебат ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы мәлімет берді. Дебат барысында оқушылар ғаламтор туралы пікірлерін ортаға салды. Сайыс жеребе тастаудан басталды.Сайыс «Карл Поппер» форматында өтті.Топ спикерлеріне сөйлеуге 5 минут берілді. Пікірсайыстың шартымен таныстырылды. Шарт бойынша:
1. Өзі ұстанып отырған бағытың дұрыс екенін дәлелдеп шығу.
2. Екі қарсы топ \жақтаушы, даттаушы\ берілген қарар бойынша төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс.
3. Әр топ екі ойыншыдан тұрды .
Әр топ өз ойларын дәйектер келтіре отыра нақты айтып шықты. Әр топтың ойын барысындағы сөздеріне, қарсы сұрақ – жауаптарға дайындалу үшін 8 минут уақыт беріліп отырды. Дебатта оқушылар кейстегі сөздерге анықтама беріпо тырды. Дебат тартымды, статистикалық мәліметтермен (интернеттен, газеттен) толықтырылып айтылып отырды. Оқушылар,өз сөздерінде «қазіргі таңда ғаламтор әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық - коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады» деген дәйектермен жеткізе білді. Дебат соңында жеңген топ төрешілердің берген бағаларына сәйкес марапатталды.