"21 ғасыр сабағы»

        Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Қарағанды облысының математика пәні мұғалімдеріне арналған "21 ғасыр сабағы» атты педагогикалық шеберлік байқауына мектебіміздің жоғары санатты математика пәні мұғалімі Адильбекова Айгүл Ажанқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. ІІ айналымнан тұратын байқаудың І кезеңінде сабақ әзірлемесін дайындап, іріктеуден өткен соң, ІІ айналымда Айгүл Ажанқызы Қарағанды қаласының Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сыныбына бағдарлама бойынша байқау сынағына сәйкес сабақ өткізді. Әділқазы алқалары сабақ барысында мұғалімнің тұлғалық қасиеті, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік біліктілігін жоғары деңгейде бағалады.Жеңіс тұғырынан көрінген әріптесімізге шығармашылық табыстар тілейміз.

Дата: 28.02.2019, 17:21 Автор: №7 МГ