Қаңтардың 16 жұлдызында мектебімізде қалалық және облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Өмірдің сәніне, тіршіліктің шамына айналған білімнің тереңіне бойлап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан оқушыларымызға мектеп басшысы Г.М.Манатаева алғысын білдіріп, шәкірт жүрегіне мәңгілік ұлағаттың, сарқылмас руханияттың дәнін сеуіп келе жатқан ұстаздарымызға және білімнің биік баспалдақтарынан көрініп жүрген оқушыларымызға болашақта да толағай табыстар тіледі.
Дата: 20.01.2019, 11:12 Автор: №7 МГ