«Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласымен оқушыларды таныстыру мақсатында жиын өткізілді
22 қараша күні С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназиясында Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласымен оқушыларды таныстыру мақсатында жиын өткізілді. Жиында тарих пәнінің мұғалімі Карибжанов Ержан Тұрарович мақаланың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясындағы жоба екенін түсіндіре келе, мақаланың мазмұны мен мақсат, міндеттері жайлы мағлұмат берді.Яғни әр адамның ұлттық санасы жаңғырып, рухани жаңғыру жолында тарихын түгендеп, атына қайта мінген қазақтың кеудесін ешкім баса алмайтынын, ол үшін бай тарихымызды түгендеп, өткенімізді жаңғыртып, өшкенімізді қайта жағу жолында «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауды, ұлтымыздың ұлылығын дәлелдейтін «Ұлы даланың ұлы есімдері» және «Ұлы Дала тұлғалары»,Түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу сынды тарихи әрі маңызды жобаларды ұсынғанын оқушыларға жеткізді.Ұлы даланың мәдениеті мен әдебиетін, өткені мен бүгінін түйіндеп, ертең атар жарқын болашақтың иелеріне мирас етуші жолды нұсқаған Елбасы мақаласын ұстаздар мен оқушылар ерекше ықыласпен қабылдады.
Дата: 23.11.2018, 13:57 Автор: №7 МГ