Президент жолдауының талқылауы
"С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы" КММ ұжымы Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын талқылады.Тарих пәні мұғалімі Карибжанов Е.Т. жолдауының өзекті мәселелеріне тоқталды. Әсіресе, Елбасының негізгі бастамаларына сәйкес білім берудің сапасы мен қолжетімділігіне, мектепке дейінгі білім беру сапасын жоғарылатуға, білім беру ісінде 4К моделінен туындайтын креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылатындығына ерекше тоқталды.Сондай-ақ Елбасының «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет» деген бастамасы мұғалімдер үшін үлкен серпіліс болғанын айтты.
Мектеп директоры Г.М.Манатаева ұстаздарды Жолдауда жүктелген стратегиялық міндеттерді, әсіресе педагогикалық салаға берген тапсырмаларды, жас ұрпақ игілігі үшін және еліміздің табысты дамуы үшін дер кезінде жүзеге асыруға шақырды.
Дата: 16.10.2018, 14:54 Автор: №7 МГ