ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазан 2018 жылғы Жолдауы

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазан 2018 жылғы  Жолдауы

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазан 2018 жылғы
«Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі:
табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»
атты халыққа Жолдауына
ПІКІР
Біз әрбір Қазақстан азаматтары сияқты Елбасымыздың әр жылғы халыққа Жолдауын асыға күтеміз. Биылғы Президент Жолдауы халықаралық мұғалімдер мерекесімен сәйкес келуі ұстаздар үшін үлкен құрмет болды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында өткен жылдардағы атқарылған жұмыстарды баяндай келе, 2019 жылға арналған жұмыс жоспарларымен таныстырды.Елбасы ғылымға көп көңіл бөлу керектігі экономиканың дамуына аса маңызды екенін атап өтті.
Мектепке дейінгі Білім берудің жаңасапасын қалыптастыру керектігіне тоқталды. «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай халықаралық стандарттарын енгізу қажет»- деді Елбасы Жолдауында.
Бұдан бөлек, Президент орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталғанын, бұл 2021 жылы аяқталатынын атап өтті. Орта білім беру ісінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс – тәжірибелері мен әдіс – тәсілдерін Қазақстанның барлық мектептерінде жүзеге асу керетігін тапсырды. Өйткені, бұл халықаралық білім стандартына сәйкес. 
2019- 2021 жылдары аралығында мектеп құрылысына 50 миллиард теңге бөліну арқылы 3 аусымдық оқытуды жою керектігі айтылды. Сонымен қатар педагог қызметкерлерінің статусын көтеру мақсатында мұғалімдердің жүктемесін қысқарту керектігі және үнемі тексеріс іс – шараларын тоқтатуды талап етті.
Президент Жолдауы бізге бағдаршам ретінде болашаққа сенімділікке қарауға зор ықпалын тигізеді.

«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп – 
гимназиясы»КММ педагог қызметкерлері

Дата: 16.10.2018, 14:29 Автор: №7 МГ