«21 ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» жиналыс
«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-де 08.09.2018ж. күні «21 ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына өткізілген конференцияның ақпары.Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» Отбасылық Тәрбиелеу Институтының нұсқауы бойынша С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 08.09.2018ж.күні «21 ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына конференция ұйымдастырылды. Конференция мектеп директоры Г.М.Манатаеваның алғы сөзімен басталды..Директордың сөзінен кейін ата-аналарға «Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығының» үндеу бейнеролигі көрсетілді. Бейнероликтен соң, Г.М.Манатаева бірінші сынып оқушыларының ата-аналары тап болатын проблемалар бойынша сөз кезегін мектеп психологі А.А. Кәрібекке берді.
Дата: 8.09.2018, 15:52 Автор: №7 МГ