«Жарнамамыз жарасқан»
«Алау» жазғы лагерінің демалушылары қалалық саябақтағы балалар алаңына топсеруен жасады. Балалар алаңында қимыл-қозғалыс, танымдық ойындар ойнап, бойларын жазды. Атап айтқанда, «Күн мен түн», «Үйсіз қоян», «Ақ ту ,қызыл ту». Дене тәрбиесі мұғалімі эстафеталық жарыс өткізді. Топсеруен аяқталған соң, «Жарнамамыз жарасқан» топтық-танымдық жарысы өтті. Яғни, әр топ жарнамалық көрініс көрсетті. «Балдәурен» тобы шайды тамаша жарнамаласа, «Ақ көгершін» тобы кір жуатын ұнтақтарды демалушыларға терең түсіндіре білді. «Күншуақ» тобы тіске арналған пасталарды жарнамалады. Қатысушы топтардың жарнамаларын әділқазылар алқасы бағалап, жеңімпаз топтарды мадақтамамен, сыйлықтармен марапаттады. «Жарнамамыз жарасқан» топтық-танымдық жарысы демалушыларға жақсы әсер қалдырды.
Дата: 12.06.2018, 11:36 Автор: №7 МГ