Тәуелсіздік дәуірі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы-тұтас бір дәуірдің тарихын қамтыған құнды шығарма.Тәуелсіздік энциклопедиясы деп атауға толық негіз бар.Еңбекте егемен ел тарихы төрт кезеңге бөлініп қарастырылған.Тәуелсіздік тарихы 26 жылдың ішінде тың жаңашыл өзгерістерімен әлем халқына таныла бастады. Ұлы дала елі өз алдына тәуелсіз ел болып қалыптасты.Бүгінде елтаңбасы,туы,ән ұраны,тілі,діні сақталған дәулетті елге айналды.Сондықтан «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы шын мәнінде тарихи естеліктерге толы халқымыздың ұлы тарихының шежіресі дер едім. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын насихаттау арқылы жас өспірімге тәуелсіздіктің шежіресін толығынан қамтуға мүмкіндік ашыла түсті. Осы орайда, С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясында түрлі шаралар жалғасын табуда. Кітаптың қорытынды беттерінде Елбасы 2017-2050 жылдарға арналған межелерді белгілеп берген. Соның бірі-«ұлттық білім беру деңгейін әлемдік деңгейге көтеру және оны еліміздің бүкіл азаматттарына қолжетімді ету». Әлемнің озық елдеріне қосылу үшін білімді,білікті ұрпақ тәрбиелеу біздің бірінші міндетіміз.
Дата: 9.04.2018, 17:39 Автор: №7 МГ